Төлеби жері - осы жердің тұрғындары үшін ғана емес, бүкіл қазақ үшін киелі мекен. Бұл жердің эрбір тау-тасы мен сай-жырасы, қыр-жотасы мен жазық-қыраты тарихқа толы. Мұнда бір кездері арғы заманғы бабаларымыз, ілкі түп-тамырымыз болып есептелетін Саңтар мен Үйсіндердің, Қаңлылар мен Огыздардың жұрты жайлаған. Сол жұрттардың осыдан арысы - 22-23, берісі-10-15 ғасыр бұрын қолдан тұрғызған жасанды төрткүл төбелері, қорған төбелері ауданымыздағы тау етекте- рінде, өзен-су жағаларында оқшау-оқшау болып элі іұр. Біздің көпшілік оларды кейде «Қарауылтөбелер» деп те атайды...
