ТӨЛЕБИ АУДАНЫ - БАСТАПҚЫ КЕЛБЕТІН САҚТАП ҚАЛҒАН ЖЕР
ПАТШАЛЫҚ РЕСЕИДІҢ ОТАРШЫЛДЫҒЫ

1808 жылы Қазығұрт-Төлеби жері өз төсінде қазақ даласына қарай шеру тартқан Қоқан қолының дүбірін өткерсе, 1864 жьшы сол хандықтың орыстардан қашқан аламандарының айқай-сүреңге басып, Ташкент жаққа шегінген жөңкілін тағы көрді. Мұндай жөңку мен сапырылыс патшалық Ресейдің Қазақстанның оңтүстігі мен Орта Азиядағы өзбек хандықтарын басып алуға багытталған басқыншьшыгына байла- нысты орын алды.


1864 жылы көктемде генерал Черняев бастаган 1200 адамдық орыс әскері Әулиеата, Меркі, Қордай бекіністерін қалпақпен ұрып алгандай, оп-оңай басады да, Шымқалага таяйды. Бұл кезде Ақмешіттен (Акүіешітті орыстар 1853 жылы жаулап алып, оған Перовск деген ат берген болатын) шыгып, аз уақытта Жаңақорған, Созақ, Түркістанды жаулаған орыстың он зеңбірегі бар 400 адамдық отряды да күнгей жақтан Шымқалага жақындайды. Екі отряд Арыс жагасында түйісіп, 19 қыркуйек күні Шымқшіага шабуыл жасайды.
Осы күні Әлімкұл бастаған 15 мыңдық қоқандық аламандар Черняев отрядымен қала үшін күреске түседі. Бірақ бар болганы екімыңнан аса гана солдаты бар орыс отрядына Әлічқүл 15 мың сарбаздары тотеп бере алмайды. Орыстардың жиыр- маға жуық зеңбірегі Шымқаланы төпеп бергенде, қоқандық қалың әскердің быт- шыты шығып, аман қалғандары Бадамға қарай қаша жөнеледі. Оларга қамал ішіндегі аламандар қосылады. Сөйтіп орыс отрядтары 1864 жылдың 22 қыркүйек күні Шымқаланы толықжаулайды.
Мемлекеттік құрылым нышаны қарабайыр, ал үкіметтік жүйесі қатаң да орнықты болмаған, барлық саясаты зүлымдық пиғылға үласқан Қоқан хандығы қазақтарға өзінің 55 жылдық басқыншылық кезеңінде көп зардап шектірді. Орта ғасырға тэн зүлымдық эрекетті көп ұстанған ол хандық қазақтың демографиялық, элеуметтік мәселелеріне көп зиян келтірді. Өздері ңырып салган ңандастарымыздың орнына Фергана, Наманган, Маргүлан өңірлеріндегі ңышлаңтар түргындарын Шымңала, Сайрам, Түркістан, Иңан, Әулиеата, Созаң ңалаларына коиііріп, жат- жүрттыңтардың урбанизациясын ңолдан жасады. Орта ғасырлық мешеуліктен арылмай, хаостық тұрпатта өмір сүрді. Бүл хандық қазақ жерін түстігіндегі туыс елі - Бұқардан, солтүстігінен жылжып келе жатқан орыс отаршылдарынан қызғанып, өзіміздің бауырымызға мэңгілік басып аламыз деп ойлаған. Алайда, қаруы жойқын орыс отаршылдары келгенде қамқор боламын деген қазақ даласын бір жыл да қорғап тұра алмай, қайта өзі күйреудің жолына түсті.
Асат Сапиевтің жазбасы бойынша, Шарапханадан өткен Черняев отряды тек Келесті жағалап жүріп отырып, сол жылы қазанның 20-сында Ташкентке шабуылдаған. Бірақ бұл жолы шаһарды ала алмайды да, келген ізімен Шымқалаға қайтады. Орыс отряды осы жорығында өз жолдарында бірде-бір жергілікті қазақ- тарды кездестіре алмайды. Өйткені орыс келе жатыр дегенді естіген жол-жолдағы ауылдардың қазақтары тауға немесе батыс беттегі жазық далаларға қашып кеткен.
Қыс бойы тынығып, эл жинаған жэне әскери қуаты мен қару-жарағын арттырған Черняев 1865 жылдың жазына таман Ташкентке тағы жорыққа шығады. Тағы да зеңбіректер мен ауыр қаруларын сүйретіп, Қазығұрт жерімен өтеді. Сол жылдың 16 маусым күні ол Ташкентті, 1866 жылы Жызақты орыс иелігіне қаратады. Осылайша, Ташкентке дейін созылған қазақ жері 1865 жылы орыс отарының құзырына біржолата кіреді.
Патшалың Ресей басңыншылары 1866 жылы орталыгы Шымкент ңаласы болган Түркістан облысын ңүрады. Алты айдан кейін орыс билігі Ташкент қаласына көшеді жэне жаулаушылардың алғашқы қалың легі сонда орнығады. 1867 жылы орталыгы Ташкент болган Түркістан генерал-губернаторлыгы, осы жылдың 11 шілдесінде оның ңүрамындагьі Сырдария және Жетісу облыстары ңүрылады. (Алгашңыда оган Сырдария және Жетісу облыстары гана ңараган. Кейін ңүра- мына Самарңан, Фергана, Закаспий облыстары кіреді. Осы аумаңтар 1882 жыл- дан ресми түрде «Түркістан олкесі» атанады). Отаршылдар облыстарды уездерге бөледі. Бір уездге бүгінгі бірнеше аудандардың жері кіреді. Сырдария облысы - Құра- ма, Ходженд, Шымкент, Жызақ, Әулиеата, Қазалы, Перовск (Қызылорда) болып, жеті уездге бөлінеді.
Төлеби ауданының аумағы Шымкент уездінің құрамына енеді. Шымкент уезді қазіргі Түркістан облысының Түркістан, Созақ, Бәйдібек, Түлкібас, Отырар, Ордаба- сы, Арыс, Төлеби, Сайрам жэне Жамбыл облысына қарасты Жуалы аудандарының аумақтарын түгел қамтиды. (Қазығұрт белінен ары қарайғы оңтүстік аудандар Таш- кент уездінің құрамына енеді). Шымкент уездінің аумағы 42 000 шаршы шақырым аумақты алып жатады.
1867 жылдың аяғында орыс отаршылдары Оңтүстік жерін өз саясаттарына орай жаңа экімшілік құрылымдарға бөлуге кіріседі. Соған орай уездерді өз ішінде болыстықтарға бөледі жэне жер-жерде болыстықтарға болыс сайлау тэртібін жүр- гізеді. (Тағы бір айта кететін нәрсе - уездер мен болыстықтар тарихы оқулықтардан шет қалған жэне қазіргі буынның жадында тіпті сақталмаған). Алғашқыда эр болыс- тықтың аумағы, бүгінгі тілмен айтқанда, екі-үш ауыл әкімшіліктерінің (яғни совет кезіндегі төрт-бес колхоздың) жеріне парапар болды. 1868 жылы Шымкент уезі жиырма болыстыққа бөлінеді. Сол жылы біздің ауданның аймағын қамтыған Қазығүрт, Қарамүрт, Қарабұлақ болыстықтары құрылады. Бірақ Қарамүрт пен Қарабұлақтың көп жері қазіргі Сайрам ауданын қамтыды. Солай болса да, ол кезде Қарабұлаққа біздің ауданның Сүлтанрабат, бұрынғы Тоғыс ауылының төңірегі, ал Қарамұртқа қазіргі Қаратөбе, Көксәйек, Қасқасу ауыл әкімшіліктерінің жерінде болған ауылдар қарады.