ТӨЛЕБИ АУДАНЫ - БАСТАПҚЫ КЕЛБЕТІН САҚТАП ҚАЛҒАН ЖЕР
ӨЛКЕМІЗДІҢ ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫНЫҢ Т¥СЫНДАҒЫ ТАРИХЫ

Тағы бір талассыз ақиқат - Қазақ Хандығы орнаған уақыттан бастап, ұлысымыз- дың ордасының іргеленуі мен кеңеюі жэне түбі мен тегі тамырлас алаштық тайпалар- дың бір тудың астына бірігіп, жеке ел болу жолындағы тұңғыш күрестері, елдік мүдде тұрғысында жасаған алғашқы қадамдары, иә, бабаларымыздың Қазақ болып ұйым- дасу мұратындағы барлық әрекеттері - осы оңтүстіктен, нақты айтқанда, Қазығұрт- Төлеби өңірінен бастау алған.


Нанбасаңыз, тағы тарихқа қараңыз. 1456 жылы Керей мен Жәнібек іргесін көтерген Қазақ Хандығы шартты түрде оңтүстік өңіріне жататын Шу бойында құрылды. Бұл кезде Қазығұрт-Төлеби аумағы Ташкентпен қатар біресе Шағатай ұлысынан бөлініп шыққан Моғолстан хандарының құзырында, біресе Ақсақ Темір әулетінің билеушілерінің қол астында болатын. Бірақ Қазығұрт пен Ташкент маңының халқы қазақтың ежелгі тайпалары болып саналатын Қаңлы, Шанышцылы, Дулат, Сіргелі сияқты бірлестіктерге жататын рулардан тұратын. Ал бұл тайпалардың Шу-Талас тарапында тұратын жарым-жартысы Керей-Жәнібек көтерген ұлыстың құрамына эу баста-ақ кіріп қойған болатын. Енді шыққан тегі Алаш болып табылатын басқа тараптағы ру-тайпалар да жаңадан ірге көтерген Қазақ Хандығының төңірегіне топтасуға жол іздей бастайды. Соған байланысты Керей мен Жәнібек 1470 жылдары Сыр бойындағы жэне Түркістан, Қазығұрт, Сайрам өңіріндегі қандастарды Қазақ Ордасына қосып алуға кіріседі. ¥замай бұл ұлы мұрат та іске асады. Алайда...
Қашанда жаңадан ірге көтерген әлдебір елдің мықты бір мемлекетке айналып, жеке халық боп ұйысып кетуінің қиын болғанын кэрі тарих бізге талай оқытқан. Сондай қиындықты Қазақ Хандыгы да бастан кешкен. Тілі мен ділі, түрі мен діні бір қандастарды бір Ордага ұйыстыру жолында Керей мен Жәнібектен бастап, Бүрын- дың, Қасым, Момыш, Тайыр, Тогым, Бүйдаш, Хакназар, Тәуекел, Есім сынды хан-дардың бэрі күндерін ат үстіндегі жорықта өткізді. Бір ғажабы, осы хандардың бэрінің сыртқы жаулармен соғысы алдымен біздің оңтүстік өлкесінен, оның ішінде тағы Қазыгүрт-Т өлеби маңынан бастау алған.
Бір туған қандастарды бір тудың астына біріктіруде Керей мен Жәнібектен кейін ең алгаш эрі үлкен іс атқарган - Бүрындык хан. Оның кезінде Мүхаммед Шәйбани Орта Азиядагы Темір әулетінің билігін жойып, осы өлкеде өз билігін нығайтқан жэне Қазақ еліне басты дұшпанға айналған. Шэйбани сонымен бірге Ташкент айналасын да өзіне қаратқан. Ол енді Ташкенттен асып, қазақ даласын жаулауды мақсат етеді. 1486 жылы Бұрындық бастаған қазақ қолы мен Шәйбанидің соңына ерген қалың әскер Қазығұрт етегіндегі қазіргі Әңгірата мен Текесу арасындағы жазықта беттеседі. Үш күнгі ұрыстан соң қазақтар үстем түсіп, Шэйбани қолы Сырдарияның бас жағына қарай тықсырылып кетеді. Бірақ Бұрындық Ташкентке шабуылдамайды. Келестің аяққы тұсына дейінгі жерді қазаққа қаратып, өзі Шу бойына қайтады.
Қазақ жерін жаулап алудан үмітін үзбеген Шэйбани бұдан кейін Түркістан тарапқа бірнеше мэрте шабуылдайды. Бір шабуылында ол Түркістаннан асып, ¥лытауға дейін жетеді. Бірақ 1510 жылы Қасым сүлтаннан қирай жеңіледі. Аталмыш жеңілістен соң Шэйбани ұлысының күні сөнуге тиісті-тін. Жоқ, қазақ даласына сұғына енген оның жорықшы қолы талқандалганымен, Мәуреннаһр жерінде Шәйбанидің сан мыңдаған жұрты, берік қамалды шаһарлары, бақайшағына дейін мұздай қаруланған мықты әскері бар еді. Сондықтан да, ендігі жерде Шәйбанидің тағын иеленген ұрпақтары қазаққа кегі қатқан жауға айналуы керек-ті. Расында, солай болды да. Бұдан кейін де талай жыл қазақ хандары мен өзбек билеушілерінің арасында Ташкент, Сайрам, Түркістан жері үшін талай-талай соғыстар өтті. Ал Қазыгүрт-Төлеби өңірі бұл согыстардың бірде-бірінен шет қалган жоқ. Бір анығы, Шәйбанидің да, оның ұрпақтарының да қазақ даласына жасаган жорықтарының бэрі Ташкент маңайынан басталып, Қазығұрт етегі мен Бадам жағасы арқылы өткен. Осыдан кейін сол кезеңдерде өлкемізде қандай аласапыран шайқастардың болганын, Ташкент пен Алатау аралығындагы жазық бойымен неше мыңдаған лек-лек әскерлердің өтіп бара жатқанын бір сәт көз алдыңызға келтіріп көріңізші. Сонда өлкеміздің қандай тарихи оқигалардың куәсі болғанына көзіңіз бірден-ақ жетер еді.
1511 жылы Қазақ Ордасының тағына Алаш жұртының ұлы хандарының бірі Қасым отырады. Қасым хан таққа жайғасқан уақытта Сайрам мен Ташкент аралығындағы өлке Шэйбани ұрпақтарының қолына өткен кез-тұғын. Қасым ханылғи Алаш рулары жайлаған осы өлкені қайтадан Қазақ Хандығының қурамына қосып алуды ұйғарады. Осы мақсатпен 1513 жылы шәйбанидтер уысында тұрған Сайрамды алады, Ташкентке шабуыл жасайды. Бірақ бұл жолы Ташкентті ала алмайды. Бэлкім уақыт тапшы болды, бэлкім елдің басқа бір шетіне жау тиді, қалайда ол шақта Қасым ханның Өзбек хандығынан басқа да жаулары жеткілікті еді. Тарихи деректер тап сол уақытта Жайық бойындағы ноғайлар қазаққа қауіп төндіріп, ел шетіне тигенін растайды. Осы себепті Қасым хан Ташкент маңындағы әскерді батысқа бұрса керек. Қайткенде де, Ташкент сол жолы шәйбанидтердің қолында қала берген. Ал соғыс басында Түркістан беттен аттанған Қасым қолы Сайрамды алғаннан кейін Ташкентке тура біздің ауданның үстінен өткен. Демек, Қазығұрт-Төлеби жерінде ел аузында «Қасымханның қасқа жолы» деген сөз қалдырған ұлы хан - Қасымның да айқын ізі қалған.
Қасымнан кейін таққа отырған Тайырдың он жылдық хандық ғұмырында да Бадам бойы қантөгістен арылмапты. Жоғарыда аталған екі хандық мәуелі оңтүстік жэне ондағы шұрайлы аймақ, шырайлы мекенді иелену үшін жанталасып баққан. Өзбек хандығы Түркістан-Қаратау мен Ташкент арасындағы кең алапты бауырына басып қалу үшін күрессе, қазақ билеушілері мұндағы киелі қоныстармен қатар, Алаш белінен тараған қандастарды қатарға қосып алу мұратындағы мүдде үшін күрескен. Дегенмен, күрес ылғи итжығыспен өтіпті.
Қазақ тарихында кезінде арнайы зерттеліп, зерделенбеген соң, тасқа түсіп том-том кітап болып жазылмаған соң, кино болып түсірілмеген соң, ел есінде қалмаған айрықша оқиғалар өте көп. Бұндай оқиғалар ата-бабаларымыздың ерлік пен өрлікке толы жалынды жолдарын, қастерлі де мерейлі жылдарын көрсететіні анық. Өкініштісі, арамызда тап сол заманның зерттеушілері аз. Болған күннің өзінде белгілі бір шеңберден, бұрын айтылып жүрген тар ауқымды қалыптан шыға алмайды. Ондайлар тарих жазу үшін дерекпен бірге қисын да керек екенін еске алмайды немесе оған өрелері жетпейді. Болмаса, болып жатқан оқиғаның қай тұстан басталып, қай жерде аяқталғанын аңғаруға, соларды ашып жазуға батылдары жетпейді.
Мәселен, 1456 жылы құрылып, Кенесары хан өлтірілген 1847 жылға дейін Қазақ Хандығы өмір сүрді десек, осы екі аралықтағы 391 жылдың ішінде қазақ жазған еш болмаса жиырма-отыз жылды бейбіт өткізбепті. Ылғи жан-жақтан анталаған жаудан қорғанып, сырттан соққан дұшпанмен алысып күн өткізіпті. Қазақ өз жері, өз намысы үшін қай жылда, қай айда жэне қанша рет соғысқанын ешкім дэл айтып бере алмайды. Өйткені жоғарыда аталған уақыт ішінде ірісі бар, майдасы бар, мыңдаған соғыстар болған. Десек те, осылардың ең айтулы, ел үшін аса маңызы болған дегендерін нақты жазу - бүгінгі тарихшылардың міндеті. Жэне де сондай маңызды соғыстарда жорыққа шыққан мыңдаған шеріктердің қай жермен жүріп өткенін, шайқастардың тап қай жерде іске асқанын ашып көрсету де - сол зерттеушілер атқарар жүк. Осы орайда Қазығұрт-Төлеби өңіріне байланысты баса мэн беріп, айтып кететін тағы бір елеулі оқиға бар.
XVI ғасырдың алғашқы жартысында қазақ елін төрт тараптан бірдей жау қысқан. Санамаласақ, шығыстан - жоңгар, батыстан - ногай, оңтүстіктен - Бүқар-Өзбек, шығыс-оңтүстіктен — Моголстан. 1533 жылы таққа жайғасқан Тоғымға дейінгі хандардың бэрі қайтпас бөрідей осы төрт жаумен алысып өткен. 1537 жылы Бұқар- Өзбек ханы Убайдулла мен Моғолстан ханы Әбдірашид берік одақ жасасып, Қазақ Хандығын жер бетінен қүртып жіберуге уағдаластық етіседі. Тоғым хан бұларға қарсы қазақ-қырғыздың біріккен қолымен қарсы жүреді. Екі тарап 1537 жылдың 27 шілдесінде Ыстықкөлдің шығыс бетіндегі Сантас деген жерде жолығысады. ¥рыс екі күнге созылып, қазақ-қырғыз қолы түгелімен қырғын табады, солармен бірге Тоғым хан мен оның тоғыз ұлы да ажал құшады. Осы соғыстан кейін шартарапқа «қазақ халқы жер бетінен жойылыпты» деген хабар тарайды. Бірақ бұл жалған хабар еді. Өйткені қазақ ол уақытта элі мол еді, жері де кең еді... Ал біздің сонау Ыстықкөл жағасында өткен алапат соғысты айтып отырған себебіміз - Бұқар-Өзбек ханы Убайдулла аталмыш шайқастан қайтар жолда Алатау-Түлкібастың етегімен жүріп отырып, Иірсудан аса, Сайрамсуды кешіп, Қазығұрт-Төлеби жерін басып өтеді. Өткенде жай өтпейді, мұндағы өзіне бағынбай, анда-санда Қазақ Хандығына қосылу үшін бас көтеріп, ұрыс салып жүрген руларды қырып, бірнеше жүздеген жігіт-қыздарды құл мен күңдікке, мыңдаған мал-мүліктерді олжаға алып кетеді. Аталмыш қырғында ауданымызда тұратын бүгінгі ұрпақтардың қаншама ата-бабалары шейіт кетті, қаншасы шерменде күйде жат елдің жетегіне ілесті деңіз. Иә, бүгінгі саналы замандас ойлаңыз, бұл қасірет - бұрынғы ғасырларда ата-бабаларымыз көрген көп зұлматтың бірі ғана.
Тоғымнан кейін ел тізгінін ұстаған Ахмет хан да бір рет Ташкентке жорық жасапты. Одан кейін хан болған Бұйдаш та Бұқар ханның әскерімен Бадам мен Тоғыстың қосылар тұсында екі рет соғысады һэм сондай шайқастың бірінде қаза табады. Бұйдаш қаза болғанда, оның орнын Хаңназар хан басады. Хақназардың уақытында Бұқар хандығынан тәуелсіздік алған Ташкент уэлаятын Баба Сұлтан деген шәйбанид билеп тұрған. 1537 жылғы Сантастағы қырғыннан кейін Қаратаудың оңтүстік жағындағы шаһарлар мен далаларда қазақ рулары тұрса да, түгелімен Бұқар ханды- ғының қол астына өткен болатын. Одан Ташкент уэлаяты бөлініп шыққан. Ал Таш- кентуәлаятынаШымңаламен Сайрам, БадамменАңсу, Балдыберек пен Түлкібас өңірлері жалпы, Қаратауга дейінгі жер ңараган. Ал Түркістан, Сауран, Отырар сынды қалалар Бұқар хандығының қол астында болатын.
Хақназар да осы өңірлерді қазаққа қаратуды ойлайды. Бұл кезде Бұқарды атақты Абдолла хан билеп тұрған. Хақназар Бұқарға қарсы бірлесіп соғыспақ болып, Ташкент билеушісі Баба Сұлтанмен шарт жасасады. Бірақ Баба Сұлтан шеніуші сәтте опасыздық көрсетіп, Келес бойында тігілген Хақназардың шатырына тұгқиылдан шабуылдап, ханды өлтіреді. Тарихшылар Хақназар ханның өлтірілген жері жайында элі талас үстінде. Бірі - оның шатыры Ташкент түбінде тігілген десе, бірі - Келестің аяғына таман тұста болған дейді. Енді бірі - ол шатырын Шыршық жағасына тіккен еді дейді. Тағы бірі - шатыр Келестің орта тұсына тігілген деген уэж айтады. Негізі соңғы тұжырым дұрыс. Көптеген деректерді салыстыра қараганда, Хақназар өлтіріл- ген кезде оның шатыры Келестің орта шеніне таман, нақтысы, қазіргі Ақжар мен Қызылқияның аралық іұсында болған. Демек, өз заманында теңдесі жоқ қолбасшы, көреген хан атанған Хақназар атамыздың соңгы демі өзімізге көрші - Қазығұрт ауданында үзілген. Бұл мезгіл -1580 жылдың күз айы болатын.
Баба Сұлтан Хақназарды өлтірген соң арқаланып, негізгі тұргындары қазақ, бірақ Бұқар билігіне қарайтын Түркістан мен Сауранды жаулайды. Хақназардан кейін билікке жеткен Шығай Баба Сұлтанға қарсы күресте Бұқар ханы Абдолламен бітім жасасып, аяусыз күрес бастайды. Бұл ұрыста қазақ қолын Шығайдың ұлы Тәуекел сүлтан бастайды. Ол 1582 жылы Түркістан түбінде Баба Сұлтанның әскерін тас- талқан етеді. Өзін Үлытауга дейін қуып барып, басын алады. Баба Сұлтан Түркістан тарапты бетке алғанда оның Ташкенттен шыққан әскері алдымен Келес бойымен жү- ріп, кейін Тұрбаттан Қазығұрттың Ленгірге асар белі арқылы Ордабасы тауы мен Арыс өзеніне қарай асқан.
1583 жылы Шығайдың орнын - кейінгі орыс отары мен совет кезінде айырылганымыз бар, қолдан шыққаны бар, жалпы, сол уақытта қазақ жері атанган аймақтың бэрін, ал қазіргі Қазақстанның тұтас аумағын Алаш баласына қаратуга өлшеусіз үлес қосқан, сол жолда кенеусіз ұрыс, жойқын соғыстар өткізген Тәуекел басады. Ол таққа жеткен күннен бастап-ақ Қазақ Ордасы қайта күшіне мінеді. Ол да, алдымен қалайда Ташкент аумағын қазаққа қаратып, іргеге бір тыным бермейтін Бұқар хандыгын жуасытуды ойлайды. Бұл тұргыдагы оның ойы - біреудің жерін сырттан соғып, жаулап алу емес-тұгын, сол маңдағы қандас жұрттың Қазақ Ордасына қосыламыз деген арман-мұратын іске асыруға ұмтылған әрекеті еді.
Тәуекел Сұлтан кезінде Баба Сұлтанның әскерін жеңіп өзін өлтіргенімен, Түркіс- тан, Сауран, Отырар қалалары, Сырдарияның ұзына-бойындагы қалың тогайлы екі жақ жағасы мен Қаратау, Сайрам, Шымңала, Қазыгұрт-Толеби мацайы Бүңар хандыгының ңол астында ңала берген-ди Тәуекел таққа отыра салысымен, Хақназар ханның алмағайып қазасынан соң уыстан шығып кеткен осы киелі де құт мекенді қайтарып алуды ойлайды. Әлбетте, бұл уақытта замандастары екінші Ақсақ Темір атандырган Абдола хан билеген Бұқар хандыгынан аталмыш аймақтарды қайтарып алу оңай емес еді. Алайда, Тәуекел ел мүддесі, қазақ намысы үшін қатерлі іске бел буады. 1586 жылы сан мыңдаған аламан ерткен Тәуекел Сайрамдагы Бұқар әскерлерін Ташкент түбіндегі бүгінгі Ызарыққа дейін тырқырата қуып тыгады. Бұл шайқаста Шымқаланың шығыс-түстік тарапындағы жазық даламен шегінген Бұқар әскері Қа- зыгұрттың етегімен жүріп отырып, жол-жолдағы қазақ ауылдарын қан қақсатып өте- ді. Тәуекел алгашқы ұрыстағы осы жеңісін қанағат тұтып эрі эзірше қазақ қолының қуат-күшінің кем екенін аңдап, келешек мұрат жолындагы жоспарларын нақты анықтап алуды ойлап, Арқага қарай кетеді. Артынша Бұқар әскері қайтадан Сайрамга дейінгі далаға келіп орнығады. Бірақ Тәуекелдің жоршынан күш алып, арқалапгап Бадам, Келес, Ташкент, Шахрухиа (Тойтөбе) оңіріндегі қазаңтар 1588 жылы түп котеріліп, осындагы Абдолла әскерлерін талқандайды. Бұдан құлақтанған Арқада жатқан Тәуекел оларға дер кезінде көмекші әскер жібере алмайды. Есесіне, Бұқар жақтан тез жеткен Абдолланың қандықол әскерлері көтерілісшілерді қан-жоса қылып басады. Ташкент, Тойтөбе маңайындағы қырғынды айтпай-ақ қоялық, ал біздің аймақта мыңдаған адамның бастарын шауып, Бадамға ағызады, Тұрбат, Шарапхана бекеттерінің кіре берісінде жүздеген адамды дарға асады жэне тірі қалғандарға үрей туғызу үшін он күн бойы дардағы өліктерді босатпай, салбыратып қояды. Арада он жыл өткенде күші кемеліне келген жэне жан-жақтағы ахуалды әбден таразыға салып байыптаған, тек жеңістен басқаны мақсат етпеген Т әуекел тоқсан мың қолмен Ташкентке қарай жылжиды. Тағы да Сайрамды басып, Қазығүрт етегі арқылы Шарапхана, Ортабекеттен өткен осынау құдіретті қол, жолында кездескен Бұқар әскерлерін оп-оңай таптап, Ташкенттен асады. Осы жерде Тәуекелді Абдолланың жүз мыңдық қолы қарсылайды. Екі күнгі шайқаста Тәуекел қырық жыл бойы жеңілуді білмеген Абдолланың осы таңцаулы әскерін тас-талқан етеді. Мұны естіген Абдолла күйіктен өледі. Ал Тәуекел Самарқанды басып, Бұқар қаласына таяйды. Бірақ Бұқар түбіндегі соғыста қатты жараланып, әскеріне кейін қайтуды бұйырады. Тәуекел сол жарақаттап жазыла алмай, 1598 жылдың күзінде Ташкент ма- ңында коз жүмады. Бірақ оның жеңісінен кейін Сырдың екі жағасы, Ташкент, Ход- жент, Түркістан, Сайрам, Отырар қалаларының бэрі қазақ құзырына өтеді.
Осымен Қазақ-Бұқар жауласуы бітсе керек-ті. Бірақ Тәуекелдің орнын басқан Есім ханның алдына бүкіл Орта Азияға абыройы артқан пір Бахауиддин Нақышбандидің ұрпақтарын ертіп келіп, бітім сұраған Бұқар билеушілері ұзамай уәделерін бұзып, тағы қазақ қалаларына шабуыл жасайды. Содан тағы бақандай жиырма бір жылға созылған Қазақ-Бұқар соғысының екінші кезеңі басталады. Жиырма бір жылдың ішінде арада үлкен-үлкен жеті соғыс болады. Алдыңғы алтауы итжығыс өткенімен, соңғы жетінші майданда Есім хан зор жеңіске жетеді. Сөйтіп, оңтүстіктегі түбі алаштық қандастар Қазақ Хандығына түпкілікті қосылып, бүл тараптағы шекара берікбекиді.