
Орыс отаршьшдары Түркістан өлкесін отарлап алғаннан кейін осы өлкедегі іске асып жатқан барлық саяси, қоғамдық өзгерістерді, өздері жүргізіп отырған жұмыс- тарды тізбелеп, жьш сайын эртүрлі жинақтар шығарып отырған. Соларға қарап отырып, біз ата-бабаларымыздың өткен жолдарын, жүрген іздерін, атқарған істерін көреміз.
Орыс жазбагерлері мұндай есептік жинақтарда жалған мэліметтерге жол бермеген, саяси жазбалар сықылды өздеріне тартып, бүрмалап жазбаған. Мысалы, 1870 жылдардан бастап, Ташкентте эр жылы эр облысқа арналған «Шолулар» шығып отырған. «Шолулармен» қатар жер қатынастарына, халық шаруашылығына, ауа- райына, қазақтардың рулық қоныстарына, тау-тас, өзен-су атауларына, болыс сайлау- ларының нәтижелеріне, қалалық-уездік басқармалардың іс-жоспарларына, мал шаруашылығына, иә, тағы басқа да көптеген мәселелерге қатысты жинақтарды жазып отырған. Ал мұндай жазбаларға кірмеген, қолжазба, жолжазба күйлерінде архивке өткізілген жазбалары қаншама. Біз осы жазбамыздың өн-бойында тағы да сондай жазбалар мен архивтерден алынған деректерге сүйеніп отыратын боламыз.
Біздің өлкені орыстар отарлап алғаннан кейін Түркістан өлкесінің орталығы Ташкентте жэне оған бағынысты облыстар мен уездерде «Переселенческий коми- тет» деген мекеме болған. Бүл комитеттің басты жұмысына кейін тоқталамыз, ал эзірге айтарымыз, осы комитеттің эр жылдары шығарған жинақтарынан қазақ даласы
туралы, ондағы халықтың тұрмыс-тіршілігі туралы керемет мэліметтер алуға болады. Өкінішке қарай бұл жинақтардың дені Ташкенттегі Өзбекстан мемлекеттік архивінде, сол қаладағы Науаи атындағы кітапхананың фундаментальды қорында сирек кітаптар бөлімінде сақтаулы. Оларға кез келген адамдардың қолдары жете бермейді. Ал Өзбекстан архивтеріне қазір алтын берсең де кіре алмайсың. Олар қазақстандықтар үшін барлық архивтерінің есіктерін 2002 жылы тарс жапқан.
Дегенмен өткен ғасырдың аяғына таман сол қаладағы архивтерге талай мэрте кіріп, өз өлкеміздің бұрын-соңғы тарихына қатысты деректерді молынан жинастырып алғанбыз. Соған қарамастан, сондағы архивтерде біз қолға түсірмеген, көшіріп үлгермеген қаншама мэліметтер қалды. Бірақ жинап алған тарихи мағлұматтарымыз да аз емес, осьшардың өздерінен-ақ он шақты зерттеу кітаптарын шығаруға болады.
Жаңағы айтқан «Переселенческий комитет» кейде эр бес жылда, кейде жыл сайын «Материалы по киргизскому (казаң деп түсініңіз) землеполъзованию» деген жинақ шығарып отырған. Соның 1890 жэне 1908-1909 жылдардағы шығарылымы «Собран- ные и разработанные Сыръ-Даръинской статистической партией» деген атпен Шымкент уездіне арналған. Міне, осы шығарылымдарда Шымкент уездінің қай болыстығында қанша ауыл бар жэне оларда қандай рулар мен рулардан тараған аталықтар түрады, олар қай тау мен қай жотаның қуысында, қай жазық пен қай ойда орналасқан, қай өзеннен, қай бұлақтан су ішеді, не егеді, қанша мал ұстайды, кедейлері қанша, байлары нешеу, жалпы халық немен тттүғьтлданады деген сияқты фактілер тізіліп жазылған. Алдағы уақыттарда олардың көшірмелерін арнайы кітап етіп шығару жоспарымызда бар.
1909 жылы бүкіл Түркістан өлкесінде болыстықтар санын көбейту саясаты жүргізіледі. Соның нәтижесінде, Шымкент уездіндегі болыстықтарды орналасу жэне аймақтық ерекшеліктеріне қарай Түркістан, Беловод, Темірлан сияқты үш учаскеге бөледі. Олардағы болыстықтардың саны 49-ға жетеді.
Біздің аудан жеріндегі Бадам, Қарамұрт, Қарабұлақ болыстықтары жерінен - Қаратас, Кәлената, Сайрамсу, Қаратөбе сияқты жаңа болыстықтар құрылады. Қарамұрт, Қарабұлақ, Кәлената аумақтары қазіргі Сайрам ауданындағы жерлермен шектеліп қалады. 1911 жылы Сырдария облыстық статистика комитеті Ташкентте екінші рет (біріншісі 1890 жылы шығарылған) «Сырдария облысының елді-мекен- деріндегі түргындар тізімі» (Список населенных мест Сырдаръинской области (по данным Сыр-Дарьинского Областного Статистического Комитета за 1911 года) атты жинақ шығарған. Сол жинақта уезд бойынша қай болыстыққа қандай ауылдар жататыны жэне оларда қанша еркек, қанша әйел бар екені жайында анық мәліметтер жазылған. Қызықты дерек үшін біздің аудан жеріндегі болыстықтар мен ауылдардың қандай екенін жэне үйлер мен тұрғындардың қанша болғанын аталмыш жинақтағы деректер бойынша жазбалайық. Бұл жерде жэне бір ескертетін нәрсе - ол уақытта патша шенеуніктері бір-біріне жақын орналасқан бірнеше ауылға бір нөмір берген.
Бадам болыстығы бойынша:
№1-ші ауыл атанған - Екінші Көздіатада 49 үй (120 еркек, 100 әйел), Сырғанақта 49 үй (131 еркек, 100 әйел), Қарқынбайда 27 үй (80 еркек, 60 эйел), Қаракемерде 29 үй (52 еркек, 38 эйел);
№2-ші ауьш атанған - Үшінші Көздіатада 21 үй (55 еркек, 45 эйел), Сасықбұлақта 3 8 үй (86 еркек, 7 5 әйел), Ү шалыста 52 үй (120 еркек, 103 әйел), Бірінші Зағамбарда 16 үй (41 еркек, 31 әйел);
№3-ші ауыл атанған - Таскешуде 40 үй (119 еркек, 101 эйел), Жиренбайда 43 үй (130 еркек, 95 эйел), Нязбекте 25 үй (48 еркек, 38 әйел), Доңызтауда 28 үй (60 еркек, 45 эйел);
№4-ші ауыл атанған - Шырақшыда 130 үй (272 еркек, 135 эйел), Шырақшыарықта 15 үй (39 еркек, 41 әйел), Терісарықта 14 үй (36 еркек, 25 эйел);
№5-ші ауыл атанған - Ағайдарарықта 80 үй (228 еркек, 105 әйел), Төртінші Көздіатада 39 үй (99 еркек, 80 әйел);
№6-шы ауыл атанған Т өртінші Ащыда - 40 үй (13 0 еркек, 80 әйел), Ағайдарда 55 үй (151 еркек, 81 эйел), Сулыарықта45 үй (100 еркек, 70 эйел), Бірінші Көлде 46 үй (118 еркек, 95 әйел);
№7-ші ауыл атанған - Жіңішкеде 80 үй (180 еркек, 81 әйел), Қапалақта 20 үй (56 еркек, 34 эйел), Екінші Көлде 11 үй 44 еркек, 26 әйел);
№8-ші ауыл атанған Үзынбүлақта 131 үй (200 еркек, 115 эйел);
№9 ауыл атанған - Екінші Зағамбарда 110 үй (128 еркек, 94 әйел).
Болыстың бойьтша -1233 үй, 2823 еркек, 1893 әйел болган.
Сайрамсу болыстығындағы №1-ші ауьшға жататын мекендер - Шутөбеде 20 үй, (58 еркек, 36 эйел), Мизамда25 үй (63 еркек, 47 эйел), Сарыайғырда 127 үй, (341 еркек, 253 әйел);
№2-ші ауыл атанған - Қасқасуда 167 үй (462 еркек, 336 әйел);
№3-ші ауьш атанған - Қарасорада 140 үй (392 еркек, 272 әйел), Жергенталда 33 үй (79 еркек, 48 эйел);
№4-ші ауыл атанған - Сілбіліде 10 үй (31 еркек, 16 эйел), Сасықта 161 үй (389 еркек, 272 эйел);
№5-шіауылатанған -Өтемісте 159үй(412еркек, 312эйел);
№6-шы ауыл атанған - Қоғалыда (Бесбалада) 115 үй (347 еркек, 214 әйел), Сарыбұлақта 14 үй (35 еркек, 18 әйел);
Болыстыңта 971 үй, 2601 еркек, 1815 әйел түрган.
Қаратөбе болыстығы бойынша: №1-ші ауылға қарайтын - Шошқабүлақта 100 үй (213 еркек, 140 әйел), Сырлыбайда 86 үй (168 еркек, 122 әйел), Бірінші Иірсуда 14 үй, 28 еркек, 18 әйел);
№2-ші ауылға қарайтын - Жыландыбұлақта 30 үй, (75 еркек, 50 әйел), Балдыберекте 84 үй (174 еркек, 104 әйел);
№3-ші ауьшға қарайтын - Қызылсуда 70 үй (150 еркек, 144 әйел), Екінші Иірсуда 109 үй (221 еркек, 131 эйел), Ақбастауда 20 үй (33 еркек, 20 әйел);
4-ші ауылға қарайтын - Аққалада 20 үй (50 еркек, 39 әйел), Масатта 15 үй (22 еркек, 17 әйел), Үшінші Иірсуда 52 үй (98 еркек, 61 эйел), Қотырбүлақта 56 үй (109 еркек, 70 эйел);
№5-шіауылғақарайтын-Майбұлақта 178 үй(380еркек,251 эйел);
№6-шы ауылға қарайтын - Ақсайда 63 үй (153 еркек, 102 әйел), Екінші Балдыбе- ректе 63 үй (141 еркек, 100 әйел);
№7-ші ауылға қарайтын - Бескепеде 40 үй (89 еркек, 51 эйел), Үшінші Балдыбе- ректе 112 үй (251 еркек, 150 әйел).
Болыстъщ бойынша -1113 үй, 2335 еркек, 1540әйел болыпты.
Қазыгүрт болыстығы бойынша: № 1 -ші ауыл атанған - Қарақияда 40 үй (104 еркек, 94 әйел), Жіңішкеде 40 үй (107 еркек, 91 әйел), Бірінші Ащыда 41 үй (100 еркек, 96 әйел), Тоғыста 62 үй (147 еркек, 129 әйел);
№2-ші ауыл атанған - Атбұлақта 70 үй (177 еркек, 164 эйел), Жьшбикеде 74 үй (190 еркек, 170 эйел);
№3-ші ауыл атанған - Текесуда 80 үй (181 еркек, 174 эйел), Мейрам Анада 53 үй (130 еркек, 120 әйел);
№4-ші ауьш атанған - Үшбұлақта 63 үй (139 еркек, 128 әйел), Әңгіратада 40 үй (91 еркек, 80 эйел);
№5-ші ауыл атанған - Екінші Ащыда 92 үй (181 еркек, 160 әйел);
№6-шыауыл атанған-БіріншіКөздіатадабЗ үй (141 еркек, ІЗОэйел), Ленгірде 100 үй (247 еркек, 233 әйел), Үшінші Ащыда 40 үй (89 еркек, 74 эйел), Момынайда 10 үй (27 еркек, 20 эйел);
№7-ші ауыл атанған - Қызылбұлақта 70 үй (161 еркек, 159 эйел), Шілтератада 24 үй (47 еркек, 41 әйел), Бэйтікте 94 үй (208 еркек, 200 әйел).
Болыстъщ бойынша -1066үй, оларда 2517 еркек, 2301 әйел түрган.
Қаратас болыстыгы бойынша - № 1 -ші ауылға жататын Аққұмда 11 үй (271 еркек, 252 әйел);
№2-ші ауьшға жататын Бірінші Тоғыста 112 үй (292 еркек, 280 әйел);
№3-ші ауьшға жататын - Қайырмада 86 үй (211 еркек, 207 әйел), Бірінші Шөмішақтыда 40 үй (87 еркек, 80 әйел);
№4 ауьшғажататынҚоғалыда 140 үй (341 еркек, 321 эйел);
№5-ші ауылға жататын - Қарақалбанда 30 үй (71 еркек, 69 әйел), Жалғызағашта 65 үй (140 еркек, 122 әйел), Қаратаста 15 үй (37 еркек, 33 эйел);
№6-шы ауьшға жататын Ащыда 30 үй (73 еркек, 68 әйел), Екінші Шөмішақтыда 30 үй (69 еркек, 69 әйел), Төрткүлде 30 үй (75 еркек, 70 эйел), Екінші Тоғыста 26 үй (60 еркек, 55 әйел);
№7-ші ауьшға жататын - Біркөлікте 25 үй (58 еркек, 51 әйел), Қосағашта 25 үй (55 еркек, 50 эйел), Екінші Сасықбұлақта 20 үй (50 еркек, 45 эйел), Шұбарағашта 20 үй (49 еркек, 45 әйел), Шатыртөбеде 30 үй (74 еркек, 70 эйел), Қоскетекте 41 үй (96 еркек, 91 эйел), Қоғалыда 44 үй (102 еркек, 99 эйел).
Болыстьщ бойынша - 920 үйде 2211 еркек, 2072 әйел түрган.
Сол уақытта негізгі аумағы қазіргі Сайрам ауданының Қарабүлаң болыстыгына қараган біраз ауылдар бүгінде біздің ауданның жеріне тиесілі. Олар - Қарабұлақ болыстыгының №5-ші ауылы - Зертас пен Ақтан Ата жэне №6 ауылы - Сарқырама мен Шұқырарық.
1911 жылы Зертаста 100 үй (210 еркек, 190 әйел), Ақтан Атада 36 үй (74 еркек, 70 әйел), Сарқырамада 50 үй (105 еркек, 101 әйел), Шұқырарықта 100 үй (216 еркек, 199 әйел), барлыгы - 286 үй, 605 еркек, 560 эйел болган.
Егер орыс санақшылары адам санагын дұрыс жүргізген болса, онда 1911 жылы бүгінгі Төлеби жерінде 5589 үй, 13 092 еркек, 10 181 әйел, ал барлыгы - 23 273 жан болыпты. Дегенмен мұны нақты сан деп айту қиын. Өйткені озық технологиясы бар осы заманда бір аудандағы адамдар санагын нақпа-нақ жүргізу мүмкін болмай жатқанда, ол кезде эр ауылда шашырап жатқан қазақтарды бір-бірлеп санап шыгу тіпті мүмкін емес екені белгілі. Десек те, бұл сандар дэл болмаса да, адамдардың нақты есебіне жанасымды екенін мойындауымыз керек. Қанша дегенмен санақ эр ауылдагы старшындар мен елубасылар арқылы жүрген гой.
Солай десек те, 1886 жылы (жоғарыдагы деректерге қараңыз) Жаныс, Қазығұрт, Қарабұлақ, Қарамұрт болыстықтарындағы қазақтардың саны 31 мыңға жуық болғандығын көрсек, 1911 жылы осы болыстықтардың жерінің бэрін болмаса да, 75 проценттен астам көлемін қамтып жатқан Бадам, Қазығұрт, Қаратас, Қаратөбе, Сайрамсу, Қарамұрт болыстықтарында небәрі 23 мыңнан ғана аса қазақ тұрыпты. Бұл уақытта бұлардан бөлінген Қарабұлақ пен Қарамұрттың негізгі халқы да қазақтар болатын. Оларға қарап кеткен қазақтардың саны бұл санаққа кірмесе де, бэрібір, 1886 жыл мен 1911 жылдың арасында қазақтар едәуір өсіп, көбеюі керек-ті. Осы себепті 1911 жылы Төлеби аумағында тұрған қазақтардың саны ең болмағанда 40-45 мыңға жетуі тиіс-тін. Бірақ өткен ғасырлардағы эр түрлі жағдайларға байланысты қазақ саны өте баяу өскен немесе өсу ықтималдығы кері кеткен.
XIX ғасыр мен XX ғасырдың басында қазақ елінің қай тарапында да қазақтардың өсу саны кем болғанымен, өлкеміздегі халық саны басқа келімсек жұрттардың есебінен көбейіп отырған. Ол кезеңдерде біздің аймаққа келген ауғындьшардың көпшілігі Ресейдің ішкі өлкелерінен көшірілген украиндер, поляктар, немістер болды. Расын айту керек, Төлеби өңіріне таза орыстар өте аз келген. Соған қарамастан, мұнда келген ауғындьшардың барлығы орыс мүддесі мен тілін, саясаты мен бағыт-бағдарламаларын қолдаған, өрістеткен.