
Төлеби ауданы бойынша 55 елді мекеннің 48 елді мекені (халық саны 98174 адам, 83,7%) табиғи газ жүйесімен қамтылған. Қалған 7 елді мекенді (Диханкөл, Ұзынарық, Алшалы, Қасқасу, Жоғарғы Қасқасу, Керегетас, Кенесарық) газдандыруға республикалық бюджет есебінен 600 млн теңге бөлініп құрылыс жұмыстары кестеге сәйкес жүргізілуде. Нысан 2022 жылға өтпелі. Одан өзге Ленгер қ., Күмістөбе және Кенші көшесін Киелітас а/о, Достық елді мекенінің Астана көшесін Киелітас а/о, Киелітас елді мекенінің Қарауылтөбе көшесін және Қорған көшесін, Кемеқалған ауыл округі Қарақия елді мекенінің Қарақия көшесін газбен қамтамасыз ету үшін облыстық бюджеттен 173,8 млн теңге қарастырылып тиісті жұмыстар жүргізілуде. Аудан елді мекендерінің қалып кеткен көшелерін толық табиғи газбен қамтамасыз ету үшін жоба құны 134 млн теңгеге сараптама қорытындысы алынып тиісті облыстық басқармаға қаржыландыруыға ұсынылды. (Көксәйек елді мекені Жастар, Төлеби көшелеріне, Жіңішке елді мекені Тұрсынбай көшесіне, Ленгір қаласындағы Сәулембаев, Таскешу және Солтүстік мөлтек ауданына және Бірінші Мамыр ауыл округі Социал елді мекені)