ТӨЛЕБИ АУДАНЫ - БАСТАПҚЫ КЕЛБЕТІН САҚТАП ҚАЛҒАН ЖЕР

Телгараев Толеген Туртайулы

АСҚАҚТАЙ БЕР, АЙБЫНДЫ ҚАЗАҚСТАН!

- Бүгін аудандық мәдениет үйінде 25 - қазан Республика күніне орай «Асқақтай бер, айбынды Қазақстан!» атты мерекелік іс – шара өтті.
- 1990 жылдың 25 қазаны күні Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің шешімімен "Қаз ССР-нің мемлекеттік егемендігі туралы" декларация қабылданды.
- Сол сәттен бастап егеменді Қазақстан еңсесі биік, терезесі тең жеке мемлекет ретінде таныла бастады. Қабылданған декларация Қазақстанның болашақ тәуелсіздігінің іргетасы саналды. Бұл декларацияның қабылдануымен егемендігін мәлім ететін жеке территориясы, қатынастардағы дербестігі, мемлекеттік рәміздеріміз бекітілді.
- Шара барысында аудан әкімі Т.Телғараев пен аудандық маслихаттың хатшысы Н.Қойбағаров аудан тұрғындарын мерекемен құттықтап, ауданның дамуына сүбелі үлес қосып жүрген бірқатар азаматтарды - «Төлеби ауданының 90 жылдық» төсбелгісімен, ауданның «Құрмет грамотасымен және алғыс хаттарымен марапаттады.
- Жиын соңы аудан өнерпаздарының дайындаған мерекелік концертімен жалғасын тапты.


i1 i2 i3