ТӨЛЕБИ АУДАНЫ - БАСТАПҚЫ КЕЛБЕТІН САҚТАП ҚАЛҒАН ЖЕР

БАУЫРЖАН ОМАРБЕКОВ

ТАРИХТЫ БІЛУ - КЕЗ КЕЛГЕН АЗАМАТТЫҢ МІНДЕТІ

Құрметті жерлестер! Кез келген есті адам өзінің туған өлкесінің тарихын білуі мін- дет. Бұл жайында Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында да баса айтылып, онда осы тұрғыда Қазақстан азаматтарының бірталай жұмыс атқаруы керектігі үлкен мэселе ретінде көтерілген еді. Әсіресе аталмыш мақа- ладағы «Туған жерге туың тік», «Туған жерге тағзым», «Тарихи сананы жаңғырту» бағдарламаларына байланысты айтылған ойлар өлке тарихымен пгүғылданатын эрбір зерттеушілерге бүдан былайғы жерде бұрынғыдан да кең көлемде жүмыс жасауына мол мүмкіндік беріп отыр. Сонымен қатар халқының өткен тарихына қызығатын эр- бір адамға өзінің туған жерінің, өскен ортасы мен кіндік қаны тамған аймағының, сон- дай-ақ ауылы мен қала-ауданының тарихи сырларын кеңінен зерттеп, жазбалауына да барынша жол ашты.Адамзат ес біліп, жазу-сызу өнерін меңгергелі бергі заманнан ауданымыздың ше- гінде талай-талай тарихи оқиғалар өткен. Кезінде сондай оқиғалардың көпшілігі қа- ғаз бетіне түсіп, бізге мұра боп жеткен. Біздің аудандағы көптеген жазбагерлер көп жылдан бері сондай мұраларды зерттеп, жарыққа шығарып, көпшілікке таныстырып та жүр. Солай дегенмен, осы уақытқа дейін өз ауданымыздың тарихы толыққанды түрде жазылмапты. Біз сол олқылықтардың орнын толтыру мақсатында осы еңбекті жазуды қолға алдық. Сөйтіп, бұл кітапқа «Төлеби ауданының энциклопедиясы» де- генатқойдық.

Энциклопедия дегеннің не екені кез келген көзі қарақты адамға түсінікті. Ал энци- клопедияға ауданымыздың өткені мен бүгінгісімен қатар, өлкемізден шыққан белгілі тұлғалар мен қайраткерлердің, ақын-жазушылар мен өнер саңлақтарының өмірба- яндары, өңіріміздегі жер-сулар мен тау-тастардың атаулары, киелі жерлер мен ауыл- қоныстардың пайда болу тарихы; сонымен бірге аудандағы өсімдіктер мен жан-жану- арлар дүниесі жэне аң-құстардың түрлері, жеріміздің қазба байлықтары, өңіріміздің тарихи ескерткіштері, бұрынгы жэне кейінгі ғасырлардағы жер-жердегі үкіметтік құ- рылымдар хақында кеңінен жазылуы шарт. Қысқасын айтқанда, бұл еңбекте аудан шегінде болып өткен, халық игілігі үшін іске асқан, жұрт мүддесіне қызмет еткен, жақсы жаңалық ретінде жылт етіп көзге көрінген, ел құлағын елең еткізген соны өзге- рістердің барлығы енуі қажет эрі түгел көрініс табуы шарт һэм міндет. Дегенмен, бұл кітапта энциклопедиялық талапқа сай эрбір тарихи оқиғаға жэне эр- бір тақырыпқа баса мэн беріліп, олар туралы егжей-тегжейлі жазылмаған. Кез келген тақырып мән-мағынасына қарай қысқаша анықтама түрінде ықшамдалып берілген. Әйтпесе, өңірімізде өткен эрбір тарихи оқиғаның өзіне осы кітапқа парапар бір еңбек арнауға болатыны аян. Ал тұлғалар өмірбаяндары да, барынша нақты эрі түсінікті етіп жазылған. Осының өзінен туған өлке тарихына қызығатын эрбір адам өткен ғасыр- лардың талай сырларын ұғып, бағзы замандар мен бергі кезеңдердің талай белгісіз жэйттарына жэне белгілі тұлғалар жайында толымды мэліметтерге қанығары кэдік.